Еліміздің әскери теңізшілері Армия халықаралық ойындарына дайындалуда

Еліміздің әскери теңізшілері Армия халықаралық ойындарына дайындалуда
Сурет:Gov.kz.

Еліміздің әскери теңізшілері Армия халықаралық ойындарына дайындалуда

 Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Армия халықаралық ойындары аясында өтетін «Теңіз кубогы-2021» конкурсына қатысады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған хабарға сілтеме жасап.

Жарыста теңіз бетінде мықты ептілік көрсеткен кеме экипажы анықталады.

Бұл конкурсқа қатысу үшін негізгі және резервтегі кемелер белгіленді. «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесі – негізгі, ал «Маңғыстау» – резервтегі кеме ретінде белгіленді.

Даярлық кезінде әскери қызметшілер әуе және су үсті шартты нысаналарын іс жүзінде атуды орындайды. Жүзушілер құтқару құралдарын қолдану кезеңіне дайындалуда. Кеменің мықтылығын көрсету жолындағы күреске ерекше назар аударылады.

Аталмыш «Теңіз кубогы» байқауы 2015 жылдан бастап өткізіледі. Еліміздің әскери теңізшілері 2015, 2016 және 2018 жылдары конкурстың күміс жүлдегерлері атанып, ал 2017 және 2019 жылдары үшінші орын иеленген болатын.

Биыл халықаралық конкурс Иранда өтеді.