Елімізде 10 мыңнан астам жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды

Елімізде 10 мыңнан астам жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
Cурет: Ашық дереккөз

«Pfizer» вакцинасының I дозасын - 181 037 адам алды

Қазақстанда қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда екпенің I компонентін 8 852 029 адам алған.
Ал вакцинаның II компонентін салдырғандар саны - 8 286 016 адам.
11 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының I дозасын - 181 037 адам, ІІ дозасын - 14 580 адам салдырды.
Оның ішінде:
І компонент
Жасөспірімдер – 144 613
Жүкті әйелдер – 10 645
Бала емізетін әйелдер – 25 779.
ІІ компонент
Жасөспірімдер – 10 690
Жүкті әйелдер – 1 141
Бала емізетін әйелдер – 2 749.