Еліміздегі бірнеше әскери гарнизонның мүлкі ұрланған

Еліміздегі бірнеше әскери гарнизонның мүлкі ұрланған
Сурет: Іnbusiness.kz

Қазір Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін тексерулер жүргізіп жатыр.

Бас әскери прокуратура «әскери мүліктің ұрланғаны анықталды» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында 825 млн теңгеге жуық сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, 8 қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады», - деп жазылған ақпарда.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.