Елімізде виртуалды ұялы байланыс операторын енгізу қарастырылып жатыр

Елімізде виртуалды ұялы байланыс операторын енгізу қарастырылып жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде виртуалды ұялы байланыс операторын енгізу қарастырылып жатыр.

Бұл норма Мәжілістің жалпы отырысында талқыланған заң жобасында ескерілген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Виртуалды байланыс операторлары – байланыс қызметтерінің агрегаторлары.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева қазір виртуалды байланыс операторын пайдалану бойынша халықаралық тәжірибе қалыптасқан. Олар қазір жұмыс істеп тұрған байланыс операторларынан трафикті жалға алады.

«Осының ерекшелігіне тоқталсақ, олар операторлардың шектеусіз санымен келісімшарт жасай алады, яғни барлық оператормен шарт бекіту мүмкіндігі болады. Сондықтан оның әмбебап SIM-картасы жақын тұрған кез келген антеннадан байланыс сигналын алады», - деді депутат.

Мұндай карталарға арналған тарифтер біршама қымбатырақ болады, сондай-ақ бүкіл ел бойынша үздіксіз байланысқа мүмкіндік жасалады.