Қазақстандық үш боксшы өнер көрсетеді

Қазақстандық үш боксшы өнер көрсетеді
Сурет: Рrosports.kz

Шаршы алаңда отандастар бақ сынайды

Бүгін, 24 желтоқсанда Мәскеуде «Крылья Советов» спорт кешенінде бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Кеш аясында қазақстандық үш боксшы Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов және Данила Семенов өнер көрсетеді.

Бек Нұрмағанбет (5-0, 3КО) колумбиялық ардагер Хосе Мигель Торреспен (33-11, 27КО) кездеседі. Евгений Павлов (5-0, 4КО) венесуэлалық Эдиксон Переспен (24-7, 18КО) жұдырықтасады.

Ал Данила Семеновтің (4-0, 2КО) қарсыласы аргентиналық боксшы Пабло Фариас (32-5, 17КО) болады.

Кештің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:30-да басталады. Турнирді тікелей  эфирде көрсетеді.