Елімізде "Özinşе" балалар мен жасөспірімдерге арналған стриминг сервис іске қосылды

Елімізде "Özinşе" балалар мен жасөспірімдерге арналған стриминг сервис іске қосылды
Сурет: 24.kz

Онда отандық мультфильмдер мен балаларға арналған контент жүктелген.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың айтуынша, болашақта шетелдік анимацияларды да платформаға енгізу жоспарланып отыр. Министр бүгінде қазақстандық анимацияға сұраныс артқанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қосымшаны  Android пен IOS құрылғыларына жүктеп алуға болады.  

«Қазіргі кезде өзінше стриминг сервисіне 3 мың 400 минуттай контент жүктелген. Бұл контент әрі қарай үлкейеді. Бізде 10 жылдың ішінде Қазақстанда отандық анимация мектебі құрылды. Анимация қазіргі кезде Қазақстанда көп. Бізбен шекаралас елдерде анимацияны сатып алып жатыр. Қазір біздің анимация бойынша мамандар Қытаймен, Ресей, Түркиямен жұмыс істеп жатыр», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров.

«Жалпы, қазіргі қазақ анимациясының, қазақ мультипликациясының даму үрдісі Түркі әлемінің ішінде біршама жоғары екені мәлім. Аудиториясы тек қана Қазақстанның шеңберінде ғана емес. Осы бауырлас елдерге кеңінен тарайды деген ойдамыз», - деді Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

.