Елімізде екі жаңа мереке пайда болды

Елімізде екі жаңа мереке пайда болды
Сурет: интернеттен

Еңбек министрлігі тізімге тиісті толықтырулар жобасын әзірледі.

Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атап айтқанда, Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпанда және Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісінде аталып өтеді.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 2023 жылдың 2 қарашасына дейін талқыланады.

Бүгінде авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ, сол себепті өздерін біртұтас авиация саласының өкілі ретінде сезіне алмайды, - делінген түсініктемеде.

Бұрғылаушы күні геологтардың, мұнайшылардың, бұрғылаушылардың еңбегіне құрмет көрсетуге, жұмысшыларға құрмет көрсетудің жаңа дәстүрін енгізуге мүмкіндік береді.