Елімізде әйелдердің басым бөлігі білім саласында еңбек етеді

Елімізде  әйелдердің басым бөлігі білім саласында еңбек етеді
Сурет: Baq.kz

Қазақстанда түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының - 48,3%.

Қазақстандық әйелдердің 3,4 млн-ы жалданып жұмыс істесе, 940 мың нәзік жанды – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Салалар бөлінісінде әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді. Бұл барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%. Ал көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8% еңбектенеді.

Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%.