Елден 931 шетелдік азамат шығарылды

Елден 931 шетелдік азамат шығарылды
Сурет: Polisia.kz

2-8 қазан аралығында ел аумағында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шараның мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын анықтау және оның жолын кесу. Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзған 8303 шетелдік, сонымен қатар шетелдіктердің елде болу ережесін дұрыс қамтамасыз етпеген 2632 адам және шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 537 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Елден 931 шетелдік азамат шығарылды. ТМД елдерінен келген шетелдіктер арасынан 22 қылмыскер ұсталды.