Елде ұн тапшылығы жоқ – АШМ

Елде ұн тапшылығы жоқ – АШМ
Cурет: Ашық дереккөз

Өйткені елдегі қор шамамен 138 мың тоннаны құрайды

Елдегі ұн тапшылығы туралы қарбалас қолдан жасалған. Яғни, ұнның жетіспеушілігі жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Өйткені елдегі қор шамамен 138 мың тоннаны құрайды. Өңірлердегі тұрақтандыру қорында да жеткілікті – 11 мың 200 тонна. Сауда нысандары мен өндіруші кәсіпорындарында 53 мың тоннадан бар. Қоймалардағы көлем 21 мың тоннаға жуықтайды.

Қосымша, министрлікте «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-да 600 мың тонна астық бар, ол 450 мың тонна ұн өндіруге мүмкіндік береді. Министрлік нарық қатысушыларын қазіргі жағдайды пайдаланып, үстеме пайда табу үшін жағдайды ушықтырмауға және әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырады. Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отыр, елдегі ұн мен бидай тапшылығына жол бермейді. Тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.