Екі елдің президенттері Астананың Бас мешітіне барды

Екі елдің президенттері Астананың Бас мешітіне барды
Сурет: Аqorda_resmi

Басшылар Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.