Екі аптадан cоң шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталады

Екі аптадан cоң шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталады
Сурет: El.kz

16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды

Тіркеуді күтіп отырған тағы  13 мыңнан астамы бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комиетінің мәліметінше, сондай-ақ 22 мамырдан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды.

«Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталғанға дейін екі апта қалды. Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді», - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмай, тиісінше заңдастырылмаған темір тұлпарлар ел аумағында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қойылады.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын ескертеміз. Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданады», - деп түйіндеді Әкімшілік полиция комитетінінің төрағасы.