Доллар қымбаттады

Доллар қымбаттады
Сурет: ашық дереккөз

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448-452 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448–452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448,9–451,7 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

14 тамыз кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 2,63 теңгеге қымбаттап, 448,63 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448,55 теңге, Ресей рублі үшін – 4,42 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,4–4,7 теңге аралығында, Астанада 4,4-4,55 теңге аралығында сатылып жатыр.