Доллар бағасы тағы көтерілді

Доллар бағасы тағы көтерілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

KASE-нің мәліметінше, доллардың орташа бағамы 3,36 теңгеге қымбаттап, 478,35 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда болған жоқ. Мереке алдындағы саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,88 теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 503,51 теңге, рубльді 4,88 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 478-481 теңгеге, еуро 504-508 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,95 теңгеге сатылуда.