Доллар бағамы тағы түсті

Доллар бағамы тағы түсті
Сурет: Қ.Қоныспаев

 Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметі бойынша, доллар бағамы 2,12 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460,50 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 462,88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 461,5 теңге, сатып алу – 465 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 459,9 теңгеден болса, сатып алу – 464 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,77-4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.