Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы жылы болады

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы жылы болады
Сурет: 24.kz.

Жауын-шашын болады.

Қазақстандық синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың айтуына, күнтізбеде көктем келгенімен, еліміздің солтүстігінде қаһарлы қыстың ызғары қайтар емес. Антициклон көктемге тән емес ауа температурасының сақталуына ықпал етуде. Алайда алдағы үш күнде еліміздің оңтүстік өңірлеріне шуақты күн райын әкелген оңтүстік циклон солтүстікке қарай ығысады.

«Солтүстікте күн бірден жылып кетпегенімен, аяздың беті аздап қайтады. Кейіннен оңтүстік циклонның әсерінен қар, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде. Түнде ауа температурасы 5-15 градус салқын болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.