Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді

Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді
Сурет: Самат Құсайынов

Синоптиктер Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке сүйенсек, алдағы күндері батыс, оңтүстік, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында күн жауын-шашынсыз болады.

Апта соңында солтүстік өңірлерде, Қарағанды ​​облысында жаңбыр жауады.

«Елдің шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, түнде таулы аймақтарда қар аралас жаңбырға айналуы мүмкін», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің мәліметінше, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз республиканың батысында ауа +25+30°-қа дейін жылынады.

Солтүстік, оңтүстік облыстарда және республика орталығында ауа температурасы +18+23°-қа дейін көтерілсе, республиканың шығысында ауа температурасы +7+13°-қа дейін төмендейді.