Дәрігерлерге шабуыл жасау адамгершілікке жатпайды

Дәрігерлерге шабуыл жасау адамгершілікке жатпайды
almaty-akshamy.kz

Денсаулық сақтау министрлігі талғар АОА оқиғасына қатысты әділ құқықтық бағалауды талап етеді

Талғар ауданының АОА-да қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі медицина қызметкерлеріне қатысты жол берілмейтін зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған өрескел оқиға болды. 

Реаниматолог пен мейіргер пациенттің агрессивті туыстарының шабуылынан ауыр жарақат алды.

Осы құқыққа қайшы әрекеттерге құқық қорғау органдарының тарапынан сәйкес  баға берілуі, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талаптары бойынша жазалануы тиіс. Дәрігерлерге жасалған мұндай қаскүнемдік шабуылдар, ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметіне араласуға мүлдем жол берілмейді және адамгершілікке жатпайды.

Денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен дәрігерлердің қауіпсіздігі, науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау әрқашан алдыңғы қатарда тұрады.

Басым міндет - зардап шеккен дәрігердің және басқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барлық күш-жігерді зардап шеккен медицина қызметкерлерінің өмірі үшін күреске бағыттау, ал медициналық ұйым басқа шұғыл пациенттерге көмек көрсету үшін қауіпсіз жағдай жасау болып табылады. Әріптестеріміздің тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз!

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау, қауіпсіздік және мәртебесін нығайту бастамасын көтереді. Заңнамаға енгізілген өзгерістер Парламент Мәжілісінде қаралады және жақын арада бекітіледі деп үміттенеміз.