Бүйрек емдеудің инновациялық тәсілі

Бүйрек емдеудің инновациялық тәсілі
almaty-akshamy.kz

Алматыда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды

Медицина әлемінде емдеу әдістері үнемі жетілдіріліп отырады. Диализ фистулаларын рентгенэндоваскулярлық қайта өзектеу бағыты да уақыт көшінен қалмай келеді. Алматы қаласында өткен «шеберлік сабағы» аясында эндовоскулярлы хирург-дәрігерлер мен нефрологтар үшін 6 бірегей ота жасалды. Бұл оталар барысында дұрыс жұмыс істемейтін диализ фистулалары бар науқастарды емдеудің инновациялық тәсілі көрсетілді.

Аталған тәсіл мегаполистегі Орталық қалалық клиникалық ауруханада алғаш рет көрсетілді. Бұл әдіс созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Алматы қаласында созылмалы диализге тәуелді пациенттер санының өте көп болуы қазіргі кезде қолданылып жүрген артериалық-қан тамырлық фистулаларды пайдаланудың әлі де өзекті екенінің дәлелі.

Диализ фистуласы – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда диализды жүзеге асыру үшін қанайналым жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында артерия мен тамырлық қан тамыры арасындағы, әдетте білек не қолдың жоғарғы бөлігіндегі қосылуды хирургиялық жолмен жасау.

Диализ фистуласы ағзадан қан алу, оны токсиндер мен артық заттардан тазарту, содан кейін денеге қайта оралу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жасалады. Бұл әдіс бүйрек қызметі шектеулі немесе жетіспейтін науқастардың өмірлік белсенділігін сақтау үшін қолданылады. Диализ фистуласын құру диализ процедураларын жүргізудің сенімді және қолжетімді жолын анықтауға мүмкіндік береді, бұл медициналық көмектің осы түріне мұқтаж науқастардың өмір сүру сапасын едәуір жақсартады.

Гемодиализ науқастарына арналған артерио-веноздық (диализ) фистула екінші жүрек болып табылады. Өйткені ол арқылы ғана біз гемодиализ алатын науқастарымыздың өмірін сақтап қаламыз. Көбіне фистулалар жабылып қалып, өз  жұмысын тоқтады, содан кейін науқасқа фистуланы басқа жерде жасау керек болады. Бұл оның қолын тағы да басқа жерден кесу, жаңа хирургиялық араласуды білдіреді әрі жаңа фистула ұзақ уақыт жұмыс істейтіндігіне ешқандай кепілдік жоқ. Көптеген науқастың жылдар бойы гемодиализ алатынын ескерсек, диализ фистулаларын жабылған кезде қолды басқа жерден кесуге тура келетіні анық. Нәтижесінде науқастың қолында АВ-фистулалар үшін сау орын қалмайды және тұрақты катетерлер орнатылады, бұл өз кезегінде мәселенің уақытша шешімі ғана (катетер инфекциясы  қаупі бар – сепсис, тромбоз). 

– Біздің дәрігерлер үшін бұл «шеберлік сабағы» медициналық қауымдастық арасында осы озық емдеу әдістерін енгізудің қуатты құралына айналды. Ол жаңа перспективалар ашты және эндоваскулярлық хирургия саласын дамытуға итермеледі, нәтижесінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін көптеген науқастың өмір сүру сапасы жақсарады. Осы «шеберлік сабағының» арқасында фистуланың өткізгіштігін қалпына келтіруді және оның функционалдығын мүмкіндігінше ұзақ жылдарға ұзартуды үйрендік. Бізде бұл отаны қажет ететін алты пациент болды. Сол науқастардың бәріне аталған отаны жасадық және бәрі сәтті өтті. Енді біз ауруханада осындай отаны үнемі жасайтын боламыз, – дейді дәрігер Сұлтан ИЛИЕВ.

Эндоваскулярлық қайта өзектеу артериовенозды фистулалардың қызмет ету мерзімін ұзартудың негізгі нүктесін білдіреді. Бұл созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне тап болған көптеген науқастың өмір сүру сапасына байланысты.

Осы әдістің арқасында  науқастар артерио-венозды фистуланы қолдану мерзімін барынша ұзартуға мүмкіндік алады. Ал бұл олардың күнделікті өміріне үлкен әсер етеді.

«Шеберлік сабағы» И.И.Мечников атындағы Санкт-Петербург солтүстік-батыс мемлекеттік медицина университеті университеттік клиникасының дәрігері, эндоваскулярлық және қан-тамырлары хирургы Шамиль Асадуллаевтың қатысуымен өтті.