Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дерекөз

10 қарашада Қазақстанның барлық дерлік аумағында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, жұма күні ауа сапасы тек Шымкент қаласында нашарлайды. Өзге қалаларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.