Бокстан қазақ-өзбек текетіресі бүгін де жалғасады

Бокстан қазақ-өзбек текетіресі бүгін де жалғасады
Cурет: Egemen.kz

Отандасымыз Айбек Оралбай өзбекстандық этникалық қазақпен кездеседі

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін төрт бірдей қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Күндізгі сессияда бірінші болып ұлттық құрамадағы талантты боксшылардың бірі Махмұд Сабырхан рингке көтеріледі. 54 кило салмақта сынға түсіп жатқан ол шотландиялық Мэттью Макхейлмен қолғап түйістіреді. Күндізгі сессия сағат 17:00-де басталады. «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Кешкі сессияда 60 кило салмақтағы Саматәлі Төлтаев колумбиялық Дуван Сулето Мореномен жұдырықтасса, 71 кило салмақтағы Асланбек Шымбергенов германиялық Магомед Шахидовтың шамасын байқап көрмек. Бокс кешін 92 кило салмақтағы Айбек Оралбай түйіндейді. Ол Өзбекстан атынан сынға түсіп жатқан этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовпен қолғап түйістіреді. Бұған дейін екі қазақ боксшысы өзбек оғландарын жарыс жолынан ығыстырған болатын.