Биыл қызметтік иттердің көмегімен 4 200-ден астам қылмыс ашылды

Биыл қызметтік иттердің көмегімен 4 200-ден астам қылмыс ашылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Қызметтік иттер 8 жылдан кейін "зейнетке" шығады

ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы, полиция полковнигі Нұсқабек Зауланбаевтың айтуынша, қылмысты ашуда қызметтік иттің рөлі күн сайын артып келеді. Мәселен, Қазақстанда 8 айда іздестіру иттерінің көмегімен 4292 қылмыс ашылды, оның 618-і  - есірткі қылмысы. 355 келі есірткі заттары (оның ішінде 6 келі 130 грамм синтетикалық заттар) тәркіленген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы тамыз айында Алматы облысында өтіп жатқан "Қарасораның" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлік иттің арқасында 290 грамм героин анықталып, тәркіленгенін мысалға келтірді.

"Кинологиялық орталықта иттерді қызмет етуге дайындап қана қоймай, кинолог-мамандарды да оқытады. Бұл үшін Түрксіб ауданында орналасқан орталықта қызметтік иттерді сапалы дайындау үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер бар. Жақсы материалдық-техникалық база құрылды, мұнда бельгиялық, неміс және шығыс еуропалық шопан иттері өсіріледі. Жыл сайын еліміздің өңірлеріне қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылатын 50-ге жуық қызметтік ит беріледі. Сонымен қатар, оқыту курсынан 150-ден астам кинолог пен сонша ит өтуде", - деді Н. Зауланбаев.

Арнайы дайындық бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны (нұсқаушы) Руслан Канафин еліміздің погонды кинологтары өз иттерімен бірге оқу үшін орталыққа келіп жатқанын айтты. Бастапқыда барлық иттер сынақтан өтеді, басқаша айтқанда, олардың "таланттарын" белгілі бір бағытта анықтайды.

"Бұл ретте барлық иттер әлеуметтену мен бейімделуден өтеді, өйткені олар климаттық жағдайы Алматыдан өзгеше әр түрлі өңірлерден келеді. Сонымен қатар, кинологтар үй жануарлары ауырған жағдайда көрсетілетін медициналық көмектен бастап оқытылады. Сондай-ақ, иттерді оқыту тактикасы, иттің темпераментін ажырата білу. Соңында кинологтар сынақ тапсырады", - деді Р. Қанафин.

Полиция капитаны үйретілген иттерді есірткімен "тамақтандырады" деген аңыздарды жоққа шығарды. Барлығы оқыту әдісіне негізделген, дәмді тазарту, ойын әдісі, басу әдісі және басқалары бар. Жалпы әдіс – доппен ойын.