Бес облыстың көлік инспекторлары жүргізушілерден ақша бопсалағаны үшін ұсталды

Бес облыстың көлік инспекторлары жүргізушілерден ақша бопсалағаны үшін ұсталды
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК еліміздің екі қаласы мен үш облысында жедел-тергеу шараларын жүргізу кезінде ҚР Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бір топ қызметкерін  ұстады.

Ұсталғандар жүк көлігі жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады.

Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдікті болуда.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды."ҰҚК баспасөз қызметі