Берлинде балмұздақ фестивалі басталды

Берлинде балмұздақ фестивалі басталды
Сурет: ашық дереккөз

Ұйымдастырушылар тоңазытқыштағы тәттінің жүзден астам түрін ұсынды.

Қант пен глютень қосылмаған балмұздақ та осында. Қазір Германия астанасында сынап бағанасы 30 градустан асқан. Сондықтан болар, тәтті өнімді алуға ұзын-сонар кезек болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ фестиваль аумағына кіру ақылы. Тілек білдірушілер 4 еуро төлеуге тиіс. Билеттер онлайн да сатылып жатыр. Қазірдің өзінде 2 мыңнан астамы сатылып кеткен. Фестивальдің бірінші күнінде келушілер қатары 5 мыңнан асады деген болжам бар.