Бағдат АНАРБАЕВА, Халықаралық білім беру корпорациясы Жастар орталығының жетекшісі:  Еліміз аман болсын

Бағдат АНАРБАЕВА, Халықаралық білім беру корпорациясы Жастар орталығының жетекшісі:   Еліміз аман болсын
almaty-akshamy.kz

Жамбыл облысында болған жарылыс өте ауыр жағдай. Жарылыстың кесірінен қаза тапқан азаматтарымыздың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Қандай қиын, ауыр жағдай екенін жан-жүрегімізбен түсініп тұрмыз, осы ауыртпалықты ел болып көтерсек біраз жеңілдігі болатын шығар. Өткенде жарылыс кезінде ауыл азаматтары бір-біріне демеу болып, ауыл адамдарына қол ұшын созып жатқанын әлеуметтік желіден көрдік.

Біз бір-бірімізге осындай сәттерде қолұшын соза білсек, қандай ауыртпалық болсын жеңеміз. Енді біз осы жағдайдан сабақ алып, болашақта мұндай үлкен қауіп-қатерлерді болдырмауымыз керек.

Қазір ол жақта қаншама мемлекеттік қызметкерлер, құтқарушылар, дәрігерлер күн-түн демей адамдарды емдеп, аянбай жүгіріп жүр.  Солардың барлығына алғысым шексіз.

Енді осындай қайғылы жағдайлар болмасын деп тілейік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!