Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады

Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады
Сурет: gov.kz

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы апат кезінде шахтада 252 адам болғанын, 205 кенші жер бетіне шығарылғанын хабарлады.

Костенко шахтасындағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277 баптың 3-тармағы бойынша жүргізіледі. («Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу») .

«Арнайы прокурорлардың жетекшілігімен ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды, оның құрамына ең тәжірибелі құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары кіреді», - деп хабарлады прокуратура.

Оқиға орнындағы тергеу жұмыстарын жүргізуге Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев бекітілген.