«Барыс» бүгін елордада «Северсталь» командасымен кездеседі

«Барыс» бүгін елордада «Северсталь» командасымен кездеседі
Сурет: "Барыс" ХК

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Кездесу бүгін, 12 қарашада күні, сағат 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті.

Оның 15-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 28 ойыннан кейін 23 ұпаймен 21-орында тұр.

Aл «Cеверсталь» 27 ойыннан кейін 30 ұпаймен 15-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.