Айыппұлы 1 миллионнан астам жүргізуші ұсталды

Айыппұлы 1 миллионнан астам жүргізуші ұсталды
Сурет: видеодан алынды

Алматыда 1 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар жол талғамайтын көліктің иесі анықталды, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Құқық бұзушыны ЖПҚБ іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонының қызметкерлері “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесі арқылы көліктердің жалпы ағынында анықтады.

Mersedes көлігінің жүргізушісіне ЖҚЕ бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы 1 миллион 176 мың 450 теңгені құрайды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.