Ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жасалды

Ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жасалды
Сурет: Aikyn.kz

Алматыда нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады.

Қаланың төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Қазгидрометтің» ескертуіне сәйкес 28 тамыз күні Алматыда нөсер жауын мен бұршақ жауып, найзағай ойнады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8, найзағай кезінде 15-20 м / с. жетеді», - делінген хабарламада.

Осы орайда қалалық ТЖД жүргізушілерден көліктерін көшеде қалдырмай, автотұраққа қою керектігін ескертеді.

Сондай-ақ, көліктерді жарық желісі тартылған жерден аулақ қою керектігін еске салады.

Одан бөлек, Алматы тауларында гляциалды (мұздық) және нөсерлі сипаттағы сел қаупі сақталады.

«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарып қалуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле Алатауы тауларына бармауларыңызды сұраймыз»,- деп ескертті төтеншеліктер.

Айта кетейік мегаполисте түнде басталған жауын үзіліспен әлі жауып тұр.