Астанада үш саммит өтеді

Астанада үш саммит өтеді
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Іс-шаралардың бағдарламасы туралы қосымша хабарланады.

Еліміздің астанасында 13-14 қазанда үш ірі халықаралық форум өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мына іс-шаралардан ақпарат тарату үшін шетелдік журналистерді аккредиттеу басталғанын мәлімдейді: 13 қазан – Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесінің VI саммиті; 14 қазан – ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы; 14 қазан – «Орталық Азия – Ресей» саммиті», - делінген ведомство хабарламасында.

Қыркүйек айының басында РФ Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков қазан айында Владимир Путиннің Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесі мен ТМД саммитіне қатысу үшін Астанаға сапары жоспарланғанын мәлімдеген еді.