Астана дәрігерлері қызық челлендж бастады

Астана дәрігерлері қызық челлендж бастады
almaty-akshamy.kz

Елордалық емханалардың бас дәрігерлері қызылшаға қарсы вакцинациялауға шақыратын видеочеллендж түсірді.

Дәрігерлер ата-аналарды қызылшаға қарсы вакцина алуға шақыру миссиясында әр баланың денсаулығы өзіне тиесілі әрі маңызды екенін көрсетті.

Мектеп және мектеп жасына дейінгі балалар вакцинаны таңдайды деген сөзбен жалғастыра отырып, ересектерді екпе алуға шақырды. Бұл балалардың видео үшін таңдалуының да өзіндік сыры бар – олардың бәрі вакцинацияланған немесе 6 жасында қызылшаға қарсы жасына байланысты ревакцинациядан өткен.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай елордада қызылшадан 242 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр, оның 174-і – бала.

Дәрігерлер балалардың денсаулығын тек вакцинация арқылы қорғауға болатынын кезекті рет еске салады. Себебі, бұл көптеген жылдар бойы өзінің тиімділігін көрсеткен вирустық инфекцияның алдын алудың жалғыз шарасы.