Асылдың тұяғы өмірден озды

Асылдың тұяғы өмірден озды
Сурет: Facebook.com

Ілияс Жансүгірұлының қызы Ильфа Жансүгірова өмірден өтті.

Бұл туралы Фейсбук әлеуметік желісінде алаштанушы Елдос Алаш жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жыр Құлагері Ілияс Жансүгірұлы мен аңыз ана Фатима Ғабитованың қызы, қос асылдың сынығы болған қайсар Ильфа анамыздың да уақыты болған екен. Ұлы жүрек тоқтапты. 

Ілиястың көзіндей еді. Әкесінен аумайтын. Әкесінің суретіне қарап отырушы еді! 

Інісі Мұрат Мұхтарұлы Әуез ағама, қыздары Ажар, Жанар, Дина, Фатима әпкелеріме қайғырып көңіл айтамын. 

Қаралы күнде жандарыңыздан табылып, батыр ананы жер-ананың қойнына табыстай алмайтыныма өкінемін. Қазір өзім де науқастанып, ем-шипа іздеп сыртта жүр едім… 

Марқұмды Алла панасына алсын. Рухына Фатиха»! - деп жазды жазушы Елдос Алаш.