«АрселорМиттал Теміртау»-дың атауы өзгеруі мүмкін

«АрселорМиттал Теміртау»-дың атауы өзгеруі мүмкін
Сурет: интернеттен

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Компанияның жаңа атауы қандай болары белгісіз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қанат Шарлапаев компанияның атауы өзгеруі мүмкін екенін жеткізді.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қазіргі басшысы ауысса, одан әрі компания атауын пайдалана алмаймыз. Сондықтан компанияның атауы өзгереді. Оның жаңа атауы қандай болатынын жұмыс істейтін қызметкерлермен ақылдасу арқылы шешкен жөн деп ойлаймыз», - деді министр.

Министрдің дерегінше, былтыр «АрселорМиттал Теміртау» 3 млн доллар пайда тапқан.

Компания жұмысын жалғастыра береді. Ол өзін қамтамасыз ете алады, - деді Шарлапаев.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірі «Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов инвестор болады деген ақпарат қаншалықты рас?» деп сұрады.

Қазір нақты инвестор туралы пікір білдіре алмаймын. Активке шетелдік инвестор тартуды жоспарлап отырған жоқпыз. Соны айта аламын, - деді министр.