Арман Жүдебаев, Алматы қаласы мәслихатының депутаты: Көпшілікті сабырға шақырамын

Арман Жүдебаев, Алматы қаласы мәслихатының депутаты: Көпшілікті сабырға шақырамын
сурет: Egemen.kz

Жамбыл облысының Байзақ ауданында орын алған жағдай әрбіріңіздің қабырғаңызға батып отырғаны мәлім. Қайғылы қазаға ұшыраған азаматтарымыздың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын!

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев апаттан қаза болған құрбандардың туыстарына көңіл айтып, 29 тамызды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады. Әрине, көкейде сұрақ көп. Алайда көпшілікті сабырға шақырамын. Мемлекет басшысы кішігірім өрттен бастау алған апаттың себептерін анықтап, оқиғаны терең зерттеу үшін, төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.

"Өрт - тілсіз жау" демей ме?! Алла елімізді, азаматтарымызды, туған-туыстарымызды айтпай келетін әртүрлі пәлелерден сақтасын! Марқұмдарымыздың топырақтары торқа болсын!