Алтынның құны өсті

Алтынның құны өсті
Сурет: Wallpapers.99px.ru

Унциясы 1973,7 долларға жетті.

Бейсенбі күні алтынның бағасы өсті. Ресейдің Донбасста арнайы операциясының басталуы мен қорғаныс активтеріне сұраныстың артуына байланысты алтынның құны  2020 жылдың қыркүйегінен бергі ең жоғары деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshmy.kz Interfax.ru сілтеме жасап. 

Сәуір айындағы алтын фьючерстері Comex биржасында алтын құны 3,3%-ға қымбаттап, унциясы 1973,7 доллар болды. Жыл басынан бері бағалы металл 7,7 пайызға қымбаттады. 

Бейсенбі күні таңертең Ресей Президенті Владимир Путин Донбасстағы жағдайға байланысты арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдады. Украинада төтенше жағдай енгізілді. 

Күміс фьючерстері 3,7%-ға қымбаттап, бір унциясы 25,49 долларға жетті.