Алматыға «омикрон» келген жоқ

Алматыға «омикрон» келген жоқ
Сурет: Gazeta.ru

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді.

Аталған басқарманың мәліметінше, Алматыда әлі «омикрон» штамын жұқтырған бірде-бір жағдай анықталмаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгінге дейін қалада мутацияға ұшыраған «омикрон» штамынан туындаған коронавирус ауруы тіркелген жоқ. Бірақ 5 зертханадан науқастардың материалдарын, яғни оң нәтиже берген ПТР зерттеулерін Алматы қаласындағы Ұлттық сараптама орталығының филиалына жеткізу ұйымдастырылып, жүргізіліп жатыр. Бұл Нұр-Сұлтандағы генетикалық түрлендірілген зерттеулер зертханасына секвенирлеу үшін сынамаларды жіберу мақсатында жасалып отыр», - деді Алматы ҚДСБ басшысының орынбасары.