Алматының Наурызбай ауданында 2021 жылы 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Алматының Наурызбай ауданында 2021 жылы 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды
almaty-akshamy.kz

 Алматының Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ауданның еңбек нарығындағы жағдай туралы айтты. Оның айтуынша, биыл ауданда 2157 жұмыс орны ашылған, 600-ге жуық жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға жіберілген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Жалпы, биыл біз 7 мыңға жуық жұмыс орнын ұсына отырып, аудан аумағында 120-ға жуық жаңа жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді Санжар Тоғай.

Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту үшін «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бастау Бизнес» және басқа да көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері пайдаланылады.

Наурызбай ауданының әкімі тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын ашатын жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысы туралы да айтты.

Санжар Тоғайдың айтуынша, жаңадан салынған төрт емханамен қатар, Құрамыс шағынауданында 500 орынды емхана, Ақжар шағынауданында 200 орынды отбасылық-дәрігерлік амбулатория және жылжымалы дәрігерлік амбулатория ашу жоспарлануда.

Таусамалы шағынауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған музыкалық мектеп және екі дене шынықтыру-сауықтыру орталығы мен инновациялық өнер орталығының құрылысы кезінде де жұмыс орындары пайда болады.