Алматының мектебінде «Ю» сыныбы ашылды

Алматының мектебінде «Ю» сыныбы ашылды
Сурет: Den-der.kz

Биылғы оқу жылында бұл мектептің 1-ші сыныбына 714 бала қабылданды.

Алматыдағы №157 жалпы білім беретін мектепте «Ю» әрпімен белгіленген бірінші сынып ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

Бірінші сынып оқушылары 28 сынып-жиынтығына бөлінді. Офлайн оқытуды ұйымдастыру кезінде сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспайды.

Жалпы, бұл мектепте 1-ден 11-ші сыныпқа дейін оқитын 4862 оқушы бар. Олар 185 сынып-жиынтыққа бөлінген. Мектептегі оқушылардың санының артуына, «Alma City», «BI Group» және «Шұғыла» жаңа ықшамаудандарының салынуы себеп болған.