Алматының «Кербез» командасы керемет өнер көрсетті

Алматының «Кербез» командасы керемет өнер көрсетті
Сурет: Nur.kz

Қазақстандық гимнаст қыздар әлем чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізді.

Австрияның Грац қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан құрамасы алғаш рет барлық бағдарламалар бойынша жоғары орындардан көрінді.

Сеньоралар санатындағы командалық біріншілікте қола жүлдеге ие болғандар:

Шымкент қаласы, "Кармелита" командасы (Елизавета Шарая, Сабина Елюбаева, Аида Жақсыбек, Элина Кан, Сагдана Пайзханова, Саида Патшахан, Сания Тұрдыбай), жаттықтырушы Любовь Боброва және хореограф Виолетта Керхер);

Алматы қаласы, "Кербез" командасы (Адель Омарова, Анна Клишина, Элика Мельниченко, Томирис Нұрқасымова, Самира Смакова, Алёна Клишина, Елизавета Булатова), жаттықтырушылар Заира Жакупова және Алуа Кабдыжалелова);

Астана қаласы, "Афродита" командасы, (Мадина Қазбек, Дильназ Арқабекова, Дильназ Кенжеханова, Аяла Жексенбі, Анель Есілбаева, Мадина Тельманова, Жанель Төленова), жаттықтырушы Анна Шаляпина.

 Жасөспірімдер санатындағы командалық біріншілікте қола жүлдегерлер:

"Sunrise" командасы, Алматы қаласы (Әмина Бейғанова, Томирис Болат, Алтынай Нұркенқызы, Амиля Құнанбаева, Анель Нұрсұлтан, Айлин Максутова, Аделия Тұрсынқожа), жаттықтырушылар Жаннет Жабоева және Мадина Муталиева;

"Кербез Элит" командасы, Алматы қаласы (Малика Сұлтанова, Әсем Шаймуханбет, Аймекен Дуйсен, Аяулым Асылбек, Анастасия Гренц, Амина Муканова, Әсия Атабаева, Алима Ахметжанова), жаттықтырушылар Заира Жакупова және Алуа Кабдыжалелова;

"Самұрық" командасы, Астана қаласы (Әмина Тастанбек, Аружан Шамшина, Іңкәр Байронова, Микаэлла Ошаганова, Анар Мухамедгалиева, Дарина Акшулакова, Айзара Абильдинова, Акбота Тоқанова, Медина Абдибаева, Валерия Лукьянова, Адина Исабекова), жаттықтырушысы Әсел Тастанбекова.

Эстетикалық топтық гимнастикадан келесі әлем чемпионаты келесі жылы қараша айында Алматыда өтеді.