Алматылық сейсмологтар магнитудасы 6,3 жер сілкінісін тіркеді

Алматылық сейсмологтар магнитудасы 6,3 жер сілкінісін тіркеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сілкініс ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 11 қазанда Алматы уақыты бойынша сағат 06:44-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1549 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.1.

Магнитудасы MPV 6.3.

Жер сілкінісінің координаталары – 35,06° солтүстік. 62,40°Ш