Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі алапат өрт оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өрт фактісі бойынша қалалық прокуратура ведомствоаралық тергеу жедел тобын құрды, оның құрамына анықтаушылар кірді. Екі қылмыстық іс қозғалды. Өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді спикер.