Алматыда жыл басынан бері 73 адам жол апатынан қаза тапқан

Алматыда жыл басынан бері 73 адам жол апатынан қаза тапқан
Сурет: Ашық дереккөзі

1 560 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін ұсталған

2022 жылдың басынан бері мегаполисте жол апатынан 2 977 адам зардап шегіп, 73 тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Осы жылдың 9 айында Алматыда 2 620 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 2 977 адам зардап шекті, тағы 73 адам қаза тапты. Жыл басынан бері барлығы 952 622 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сонымен қатар, ол жыл басынан бері 1 560 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін ұсталғанын атап өтті.

«Сот шешімімен 2 352 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 1 476 көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды»,- деді полиция өкілі.