Алматыда зейнет жасына жақындаған азаматтарға жұмысқа қалай орналасуға болады?

Алматыда зейнет жасына жақындаған азаматтарға жұмысқа қалай орналасуға болады?
Сурет: Elorda.info

«Күміс жас» жобасына зейнетке шығуына 2 жыл қалған тұрғындар қатыса алады. 

Алматыда зейнет жасына жақындаған азаматтар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Халықты жұмыспен қамту орталығындағы «Күміс жас» жобасына зейнеткерлікке 2 жыл қалған тұрғындар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Орталықта тәжірибесі жоқ жұмыссыз жастардың да қызметке араласуына жағдай жасалуда.  

«Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы осы еңбек нарығында жақында ғана өзінің 11 жылдығын атап өтті. Осы орайда бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды іске асырдық. Еңбек нарығында қазіргі таңда қызмет көрсету саласындағы  мамандар тапшы болып тұр: сатушылар, кассирлер. Қыркүйеккке қарай пән мұғалімдеріне, балабақша тәрбиешілері керек болады, статистика басқармасына қазіргі таңда есепшілер қажет болып тұр», - дейді Халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімінің маманы Гүлзинат Рахманбердіқызы.