Алматыда тәжік ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі өтеді

Алматыда тәжік ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі өтеді
Сурет: ашық дереккөз

26-29 тамыз аралығында Тәжікстанның мәдениет күндерін тойлау аясында Қазақстанда бірқатар мәдени-бұқаралық іс-шара жоспарланған. 

Алматыда Абай алаңында (Достық даңғылы мен Абай даңғылының қиылысы) Тәжікстан Республикасы Хатлон облысының төрағасы Саид Давлатали мырзаның қатысуымен тәжік ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында режиссер Носир Саидовтың «Зеркало без отражения» көркем фильмі көрсетіліп, екі елдің мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің кездесуі өтеді. 

Бағдарламада сонымен қатар, Алматыда Тәжікстан Республикасының халық шығармашылығы, ұлттық киімдер, картиналар мен фотосуреттер көрмелерінің ашылу салтанаты көзделген. 

Мәдениет күндерін тойлау Тәжікстан өнер шеберлерінің салтанатты концертімен аяқталады, онда ТР Мәдениет министрі Зульфия Давлатзода құттықтау сөз сөйлейді. 

БАҚ-ы  +7 705 187 6990 телефон нөміріне хабарласу арқылы тіркелсе болады.
Масрур Раджабов, Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қызметкері