Алматыда Сырбай Мәуленовті еске алу кеші өтеді

Алматыда Сырбай Мәуленовті еске алу кеші өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

23 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойына орай «Сыршыл лириканың сұлтаны» атты еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа Сырбай Мәуленовтің шығармаларын насихаттау, әлеуметтік рухани қолдау көрсету. 

Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Сырбай Мәуленовтің шығармашылығы мен өміріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылады. 

Сағат 11.00-де өтетін шараға  зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары қатысады.