Алматыда мопед ұрылары ұсталды

Алматыда мопед ұрылары ұсталды
Cурет: Ашық дереккөз

Қазір күдіктілердің басқа да ұрлық әрекеттеріне қатыстылығы дәлелденіп жатыр

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер «қылмыстық төрттіктің» бөтеннің мүлкін ұрлаудың бес дерегіне қатыстылығын дәлелдеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурызбай аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов осы жылдың наурыз айынан бастап бөлімшеге мопед ұрлығы туралы алғашқы арыздар түсе бастағанын айтады. Ұсталған күдіктілердің жеке басы анықталған және қазір қамауда отыр.  

«Олардың қылмыстарының барлығы дерлік бейнекамераға түсіп қалған.  Күдіктілер түнгі уақытта көпқабатты үйлердің аулаларында қараусыз қалған көлік құралдарын «анықтап», оларды ұрлағандарын және жасырғандарын түсіндірді.  Кейін қайта сатқан.  Осылайша, қаскөйлер екі мопедті сатып үлгерді, тағы үшеуі тәркіленіп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды.  Ұсталғандар, Қазақстанның әртүрлі облыстарының тумалары, 1997,1998,2000 және 2003 жылы туғандар.  Олардың біреуі жас бола тұра осыған ұқсас қылмыстар үшін сотты болған,-деді ол.  

Қазір күдіктілердің басқа да ұрлық әрекеттеріне қатыстылығы дәлелденіп жатыр.  Одан әрі жедел және тергеу шаралары жүргізілуде.