Елімізде 9,4 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған

Елімізде 9,4 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған
Cурет: Inform.kz

Жүкті әйелдерге вакцина салу жалғасып жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 9 472 670 адам, екіншісін - 9 216 005 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

16 сәуірге дейін «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 013 991 адам, ІІ дозасын 872 232 адам салдырды.

Оның ішінде:
І компоненті
- Жасөспірімдер – 805 278
- Жүкті әйелдер – 37 283
- Бала емізетін әйелдер – 133 147.

ІІ компонент
- Жасөспірімдер – 725 042
- Жүкті әйелдер – 31 665
- Бала емізетін әйелдер – 113 786.