Алматыда жатақхана тапшылығы қалай шешіледі?

Алматыда жатақхана тапшылығы қалай шешіледі?
Сурет: 24.kz

Жатақханаларға күрделі жөндеу жүрізіп, бөлмелерді кеңейту арқылы орын тапшылығын шешу көзделіп отыр

Осы тәсіл арқылы оқу орны алдағы уақытта жатақханалардағы орын санын 2000-ға көбейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыдағы басты жоғары оқу орындарының бірінің ректоры Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының жатақхана тапшылығын шешу тапсырмаларына сәйкес атқарылған жұмыстарды атап өтіп, жатақхананың жөндеуге дейінгі және кейінгі жай-күйімен таныстырды.

Жөндеу кезінде ғимараттың сыртқы қасбеті жаңартылып, барлық бөлменің қабырғалары қайта әрленді. Есік-терезе ауыстырылып, әр секцияға заманауи душ кабиналары қойылды. Электр жүйесі қайта жүргізіліп, жарық беруші шамдар жаңадан орнатылды. Бұған қосымша, ғимараттың cу құбыры мен кәріз жүйесі монтаждалды.

313 орындық жатақханаға тарих факультетімен қатар, химия және химиялық технологиялар факультеті мен физика-техникалық факультетінің студенттері орналасты. Ұлттық Университет алдағы уақытта барлық жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарта түспек.