Алматыда күзде 300 мың ағаш отырғызылады

Алматыда күзде 300 мың ағаш отырғызылады
https://blog.florium.ua/

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алдағы күзгі ағаш отырғызу маусымы туралы ақпарат берді. Шаһар басшысының айтуынша, ағаштарды жаппай отырғызу елді мекендердегі жолдардың бойына, негізінен Наурызбай мен Алатау аудандарындағы «Алғабас», «Шұғыла» және тағы басқа тұрғын кешендерінің айналасына отырғызылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Сонымен қатар, магистральды көшелердің – Рысқұлов, Абай, әл-Фараби даңғылдарының, Тимирязев көшесінің бойына: тротуарлардың, бөлу жолақтарының бойына, ағаш жоқ жерлерге және магистральды көшелердегі үңгілеу жұмыстары аяқталған – Абай даңғылы, Алатау көшесінің бойына отырғызылады.

Үй жанындағы аулаларды көгалдандыру үшін тұрғындармен дәстүрлі «Жасыл аула» акциясы өтеді. Барлығы 300 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Айта кетерлігі, көктемде 64,5 мың ағаш отырғызылды.

Биыл тамыр жаюы төмен әрі ауруға бейім болуына байланысты қала жөке ағашы, сәнағаш, боз аршадан бас тартады. Аудандастырылған ағаштарға, оның ішінде «Қазақстан» терегі мен қарағашқа басымдық беріледі.

Қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, әкім «Жасыл Алматы» акциясы аясында Сосновый борда 5,5 мың қарағай отырғызылғанын айтты. «Табиғат» ЭЫҰ қорының бастамашыл тобы саябақ аумағына 350 қарағай мен 500 алма ағашын отырғызды.

Жасыл желекті күту үшін скважина жасалды, суару жүйесі тартылды. Ағаштардың 80%-ы автоматты жүйенің арқасында суарылады.

«Жасыл Алматы» акциясы аясында «Сосновый» скверінде, «Западное» зиратының бойына, Б.Момышұлы көшесінің бойына 176 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Қарағай орманының қарсы бетіне қайың тоғайы отырғызылды, онда 2,5 мың ағаш бар. Археологтармен келісім бойынша Сақ қорғаны айналасына 2 мыңға жуық ағаш отырғызылды. «Боралдай» мен «Зерделі» шағынаудандарында жаңа саябақтар салынуда.