Алматыда көпір астында 5 автокөлік соқтығысып қалды

Алматыда көпір астында 5 автокөлік соқтығысып қалды
Сурет: Inform.kz

Жол апатының видеосы желіге тарады.

Қалалық полиция департаментінде жол апатының себеп-салдары айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

19 шілде күні, сағат 19: 30 шамасында HOWO маркалы жүк көлігін басқарған Р. есімді жүргізуші Саин көшесінің бойымен батыс бағытта және Мұстафин көшесінің көпірінің астында қашықтықты сақтамағандықтан, Lexus LX 470 автокөлігімен соқтығысуға жол береді. Алған соққыдан Lexus LX 470 автокөлігі инерция бойынша Toyota Corolla және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысады. Toyota Camry автокөлігі бір бағытта келе жатқан Toyota Camry автокөлігімен соқтығысады. Жол апаты нәтижесінде Lexus LX 470 көлігінің жолаушылары ауруханаға жеткізілді.

«Аталған жол-көлік оқиғасын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеп жатыр», - деді Алматы қаласының полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.